Головкин – үздіктердің үздігі
Головкин – үздіктердің үздігі
172
оқылды

Gife Me Sport басылымы ХХІ ғасырдың ең ұлы 50 бокс­шысының рейтингін жасады. Головкин БАҚ шешімі бойынша алғашқы үштікке еніп отыр. Бірінші орынды сегіз салмақ дәрежесінде экс-әлем чемпионы, филиппиндік Мэнни Пакьяо иеленді. Америкалық кіші Флойд Мейвезер бір қатар тө­мендесе, ал қазақстандық Головкин үздік үштікті қорытын­дылап тұр. 

Мексикалық Сауль Канело Альварес алтыншы орынға тұрақтаған. Толық тізімді Gife Me Sport басылымының сайтынан көруге болады. Естеріңізде болса, 19 желтоқсан күні таңертең АҚШ-та Головкин кезекті рекордына қол жеткізіп, Камил Шереметаны нокаутпен жеңген еді. Орта салмақтағы GGG-ға  әлем чемпионының IBF және  IBO белбеулерін сақтап қалу мақсат болды. Бұл жолы Гена көрермен күткен нәтижеге қол жеткізді.

А. ЖАНАСЫЛ