Ақтауда жүкті әйел мен сәбиді көлік қағып кетті
Ақтауда жүкті әйел мен сәбиді көлік қағып кетті
5,117
оқылды

"Ақтауда жүкті әйел мен екі жасар қыз көлік дөңгелегінің астына түсіп қалды" деп хабарлайды liter.kz

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар ауруханаға жеткізілген.

Оқиға 2 желтоқсанда облыс орталығының 12А шағынауданындағы «Арман» дүкенінің жанында болған.

«Оқиға орнына жедел жәрдем тобы барды. Басынан жарақат алған бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізілді. Жүктілігі жақындап қалған 24 жастағы әйел де осындай жарақаттармен ауруханаға жеткізілді» делінген Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.