Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысады
Дауыс берушілердің 58,1%-ы сайлауға қатысады
259
оқылды

Сауалнамаға қатысушылар дайын қысқа сұрақтарға жауап берді.

Әлеуметтік зерттеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және республиканың 14 облысынан: 6 800 респондент қатысты. Іріктеу коэффициент қателігі шамамен 2,1 пайызды құрады.

«2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайламақ. Сіз бұл туралы білесіз бе?» деген сауалға, респонденттердің 65.4% «иә» деп жауап берген. Атап өтер ерекшелігі, қалаға қарағанда ауыл тұрғындарының басым бөлігі сайлау өтетіні туралы жақсы білетін болып шықты. Оның ішінде ер адамдар жақсы құлақтанған. Ал жас ерекшелігіне келсек, 46 жастан асқан азаматтар сайлау туралы ақпаратты жақсы білетінін көрсеткен.

  сайлау    width= «2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда дауыс беруді жоспарлап отырсыз ба?» сауалына қатысушылардың 58,1%-ы оң жауап берген. Ауыл халқының үлесі басым, нақтырақ айтсақ 66,8%-ы сайлауға баратындарын айтты. Ал, қалалықтардың үлесі 52,6%. «Партияны таңдау кезінде Сіз үшін не маңызды?» деген сұраққа 28,7%-ы бірінші кезекте партия көшбасшысына деген сенімді таңдапты. Екінші - 26,8%-ы елдегі жағдайды саяси партия өзгерте алады деп сенеді. Сауалнамаға жауап бергендердің 21,6%-ы партияның саяси келешегін маңызды деп санайды. 20,1%-ы болса қарапайым азаматтардың мүддесін қорғай алуы деп көрсеткен. Бұған қоса, сайлауға баруды жоспарлап отырған сауалнамаға қатысушыларынан, «2021 жылғы 10 қаңтарда өз сайлау учаскеңізге келсеңіз, қай партияны таңдайсыз?» деген сауалға қатысушылардың 74,2%-ы Nur Otan-ға дауыс беруге дайын екенін көрсеткен. Сондай-ақ  «Aқ жолға» – 5,2%, Қазақстан Халық партиясына – 4,4%, «Ауыл» – 4,1% және Adal саяси партиясына – 2,5% дауыс бермек. Бұдан өзге 9,6% әзірге ешқандай шешім қабылдамағанын жеткізген.   сайлау Айта кетейік, «Астана» телеарнасының тапсырысымен «Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры сайлау жақындағанда сайлаушылардың көңіл-күйін білу мақсатында тағы да осындай әлеуметтік сауалнама өткізеді. Бұған қоса сайлау күні қорытынды жасамақ.   https://youtu.be/8yhPwFPWSz4