Екінші семестрде студенттер оқу орнына барып оқи ма?
Екінші семестрде студенттер оқу орнына барып оқи ма?
5,113
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Оның айтуынша, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылады.

«Штаттық режимде 15 студенттен аспайтын шағын топтар оқытылады. Бұл ретте аудиториядағы студенттер 50%-дан аспауы керек. Штаттық режимде практикалық және зертханалық сабақтар (физика, химия, математика және т.б.) оқытылады. Ал тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану пәндерінен сабақ қашықтан өткізіледі», – деді ол.

Аралас форматта оқыту кезінде:

– аудиториядағы дәрістердің кестесі олардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіліп жеке жасалады; – аудиториядағы дәрістер кемінде 1,5 метр қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі; – сабақтар арасындағы үзіліс әрбір топ үшін жеке ұйымдастырылады; – кітап үлестіру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады; – студент, педагог, ата-аналарға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқаулық беріледі;