Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Биыл жыл соңында ең керемет ер адамның жары атандым. 24:26», – деп жазды ол.

  [caption id="attachment_97837" align="aligncenter" width="768"] width= Фото: С.Алтынбекованың Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption] Сабина Алтынбекова 1996 жылы 5 қарашада Ақтөбеде дүниге келген. Қазақстан Республикасы волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі. Бес жастан бастап би үйірмесіне қатысқан. 14 жастан бастап волейболмен айналысады. «Казхром» клубының капитан болған. 16 жасынан бастап «Алматиночка» (Алматы қаласы) клубында ойнады.   [caption id="attachment_97843" align="aligncenter" width="1200"]Сабина Алтынбекова Фото: Қайрат Жолдыбайұлының Instagram-дағы парақшасынан алынды[/caption] Екі жас некесін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы мешітте қидырды.

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некесін қидырды. Жаратқан некесін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!» – деп жазды.