Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында Road Show форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестициялар тарту үшін қолданылады.
Студенттік жатақханалар құрылысының жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау міндеті жаңа ауқымға ие болды. Мемлекет студенттік жатақханаларда жаңа төсек-орын енгізу бойынша жобаларға кәсіпкерлердің әлеуетін кеңінен тартуға ниетті.
Алдағы уақытта студенттерге арналған уақытша тұрғын үй нарығында ЖОО-мен қатар жеке сектор ретінде жаңа қатысушылар пайда болады деп күтілуде. Осыған сәйкес мемлекет инвестор шығыстарының негізгі бөлігін өтеуді өзіне алуға және бұл ретте жатақхананы оның меншігінде қалдыруға дайын, бұл осы болжамдарға арналған ынталандыру шараларының негізі болып табылады. Ынтымақтастықтың жалғыз шарты енгізілетін нысанның нысаналы мақсатын өзгертуге шектеу қабылдау болып табылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, нақты әлеуметтік әсерді қамтамасыз ету үшін 20 жыл ішінде енгізілген жатақхана студент жастардың қажеттілігін жабу үшін жұмыс істеуі тиіс.
«Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы» БАҚ үшін брифинг. Тараз қаласы
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлермен кездесу. Орал қаласы
Қаржы орталығы аймақ кәсіпкерлерін осы тетіктің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен аймақтарда Road Show акциясын өткізді. Форматтың басты ерекшелігі – нақты инвестордың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаларға қатысу үшін атаулы кеңес беру.
Іс-шарамен Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Орал, Қостанай және Павлодар қалалары қамтылды. Осы өңірлердің әрқайсысында БАҚ, оқу орындары, құрылыс компаниялары мен коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы алаңында коммерциялық банк өкілдерімен кездесу. Ақтөбе қаласы
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер және оқу орындарымен кездесу. Қостанай қаласы
Еrtis аймақтық телеарнасында студенттік жатақханалар салу мәселелеріне арналған тақырыптық телебағдарламаға қатысу. Павлодар қаласы
Жалпы, акция қорытындысы бойынша 6 жеке кәсіпкер және 1 жеке ЖОО-мен келісімшартқа қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер аясында 2021 жылдың соңына дейін студенттер үшін 2 мың жаңа төсек-орын енгізу жоспарлануда.
Қаржы орталығының өнімдерін Road Show форматында ақпараттық ілгерілету жөніндегі жұмыс келесі жылы жалғасатын болады. Кесте және өткізу орындары туралы ақпарат тетіктің studdom.kz промо-сайтында немесе 8 800 080 28 28 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) қолжетімді болады.
«Қаржы орталығы» АҚ