Исламхан АФК тәртіптік комитетінің шешімімен келіспейтінін айтты
Исламхан АФК тәртіптік комитетінің шешімімен келіспейтінін айтты

Басқосу барысында АФК өкілдері футболшыны 4 жылға дисквалификациялауды талап еткен. Бірақ комитеттің Исламханды 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 жылға футболдан шеттету туралы шешім қабылданды.

Футболшы өз кезегінде бұл шешіммен келіспейтінін, үкімді қайта қарауға жіберетінін жеткізді.

– 2020 жылдың 18 қыркүйегінде өткен Азия Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін допинг-тесттен өттім. Сынамамнан 90 нг/мл метилгексанамин табылды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды.  Жалпы өз басым ешқашан допинг қолданған да, спорттық режимді бұзған да емеспін. Метилгексанаминді көбінесе бодибилдерлер бұлшықетін өсіру үшін пайдаланады және бұл футболшы үшін аса қажет те емес. Мен өзімнің саналы түрде допинг қабылдамағаныма сенімдімін. 11 қыркүйектен бастап, екі аптаға жуық Катарда командамен бірге болдым. Онда біз қонақүйден шыға алмадық және қатаң карантиндік жағдайда өмір сүрдік, тыйым салынған заттарды айтпағанда, тамақ пен сусын сатып алуға мүмкіндік болмады. Мен тек қонақ үйде тамақтандым және тек команда дәрігері ұсынған спорттық тағамдарды іштім. Сондықтан айыпты емес екенімді дәлелдеуді әлі де жалғастырамын, бұл шешімге міндетті түрде шағым түсіремін. Лозанна сотындағы төрешілер менің дәлелдерім мен айғақтарымды тыңдайтынына сенімдімін. Отандастарымнан, барлық футбол сүйер қауымынан мені қолдауларыңызды сұраймын. Өйткені маған қазір сіздердің қолдауларыңыз қатты қажет, - деді Исламхан.

Айта кетейік, Бауыржан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында «Әл-Садд» командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған болатын.

Сол сынамадан футболшының қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылды.