Жас ақындар жыр төккен күн
Жас ақындар жыр төккен күн
217
оқылды

Сәтбаев қаласында «Ұлы дала үні» атты халықаралық айтыс өтті. Жыр бәйгесіне ел ақындарынан бөлек, Моң­ғо­лия, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасынан кел­ген шайырлар жиналды. Жас ақындар айтысы Nur Otan пар­тиясының және облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қол­дауы­мен өтті.

Қарағанды облысында өткен жас жүйріктердің аламанына 18 ақын қатысты.

Жыр додасының тізгінін ақын, филология ғылымдарының док­торы, профессор Аманжол Әлтай ұс­тады. Бәйге басталмас бұрын Ас­қар Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәтті­лік тіледі. Айтыс ақындары мен жыр­шы-термешілердің халықа­ра­лық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жас ақындарға бас болып, төрелік айтты. Сәйкесінше Сәтбаев жұрты айтыс абызына құрмет көрсетіп, шапан жапты.

Кешті кестелі жырмен көм­кер­­ген 10 ақын ақтық сынға өтті. Қазылардың шешімімен Моң­­­ғо­лиядан келген Іңкәрбек Әділ­хан, Қырғызстаннан келген Са­дыр­бек Тұрдыбек, астаналық Нар­­­тай Тілеуқұл, қызылордалық Шың­­ғыс Құдайберген, түр­кіс­тан­дық Дәу­рен Ысқақ, ақтө­бе­лік Да­нияр Алда­берген, қара­ған­дылық Бот­­пай Доскей, жез­­қазғандық Бо­та­­гөз Мұхиден алыс­хат пен 50 мың теңге сыйақы табысталды. Со­­ны­мен бірге ерек­ше көзге түс­кен екі ақынға арнайы жүлде та­­ға­­йындалды. 60 мың тең­ге­лік ма­ра­пат елордалық Рай Дөң­бай мен ал­­­матылық Жібек Шах­мар­дан­ға бұ­йыр­­ды.

Сондай-ақ Шынболат Ділде­баев атындағы 70 мың теңгелік сер­­ти­фикатқа үш ақын иелік ет­ті. Олар – Қытайдан келген ақын Бүркітқазы Әліпбек, шым­кент­тік Абдырауф Орал мен семейлік Ай­шолпан Тілеутай. Ал пав­ло­дар­лық Нұрқанат Қайрат пен жа­ңаарқалық Сырым Бейсенбек ала­маннан 3-орын алды. Қос ақын­ға 150 мың теңгелік жүлде бе­ріл­ді.

Халықаралық жас ақындар айты­сының ең жас қатысушысы, Сәтбаевтың үміті Абзал Мақаш 2-орын иеленді. Ақынға 300 мың теңге көлемінде жүлде табыс­тал­ды. Бәйгенің 1-орнын Шығыс Қа­­зақстан облысының намысын қор­ға­ған Жұлдызай Маратбек алды.

Сәтбаевты жыр бесігінде тер­бет­кен рухани кештің бас бәй­гесі Қанат Мырзаханға бұйыр­ды. Ақын­ға 1 млн теңге жүлде бе­ріл­ді. Ма­рапаттау салтанатында қа­ла басшысы ақындарды жеңісі­мен құттықтады. Жүрсін Ерман сөйлеген сөзінде үздік деп таныл­ған 10 ақынды айтыскерлер мен жыр­­шылар одағына қабылдай­ты­­нын айтты.

Төл өнерді төбесіне көтерген пар­тия мен әкімдікке жиналған жұрт риза болды. Арда өнердің жал­ғасын тауып, жыл айналып шайырлардың Арқаға келетініне сенім білдірді.