Әнші Қайрат Нұртастың әйелі – актриса Жұлдыз ӘбдІкәрімова «Әлем ханымы – 2020» байқауында жеңіске жетті. Бұл туралы ұйымдастырушылардың Instagram парақшасында хабарланды. Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша отандасымыз жеңіске жетті. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында өзін қолдап, дауыс бергендерге алғыс айтты.