Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
144
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, ауа райы қаңтардың І және ІІІ онкүндігінде суық болады. Ауа температурасы қаңтардың екінші жартысында күрт төмендейді.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 градус, кей жерлерде -39 градусқа дейін, күндіз -20-27 градусқа дейін аяз болады. Батыс өңірлерде түнде -20-27 градусқа дейін, күндіз -10-20 градусқа суытады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -15-25 градусқа дейін, кейбір жерлерде -30 градус, күндіз -7-15 градусқа дейін төмендейді.