Алмаз Шарман коронавирустың таралу қарқынын бәсеңдету тәсілін айтты
Алмаз Шарман коронавирустың таралу қарқынын бәсеңдету тәсілін айтты

Ол бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, егер шектеу талаптарын сақтасақ, коронавирустың таралуы мен мен өлім-жітім көрсеткішін азайтуға болады.

«Егер шектеу талаптарын сақтайтын болсақ, ауруды жұқтыру мен өлім көрсеткішін едәуір азайтуға болады. Ресми мәліметтер эпидемияға қарсы күреске дайын болуы үшін керек. Көп жағдайда эпидемиологиялық болжамдар ауа райы болжамы сияқты принципке құрылады. Бірақ ауа райының қандай болатыны бізге байланысты емес. Сондықтан біз ауа райын болжап, соған сәйкес киінеміз. Ал пандемияны тоқтату біздің әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде киіп, шектеу талаптарын сақтауымызға байланысты», – деді Алмаз Шарман.