Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жаңа стильмен бокстасуға шақырды
Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жаңа стильмен бокстасуға шақырды
162
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Сауль «Канело» Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өз твиттерінде қазақстандық боксшы «Канелоны» еш қиналмай жеңетіні туралы айтты. «Егер сіз Канелоны ешкім жеңе алмайды деп ойласаңыз, онда сіз қатты қателесесіз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылды QAZAQ style vs MEXICAN STYLE жасайық», – деді Әлімханұлы. Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы «Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол орташа дивизиондағы басқа чемпиондар Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген. Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.