Облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер жылдың төрт мезгілінде де жол бойынан табылатын жолшылармен жүзбе жүз кездесті.
Жол дистанциясының мәжіліс залына кездесуге келген поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда орындары бөлек бұл саланың мамандарына бүгін партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Облыстың қоғамдық штаб мүшесі Базара Танбаева экономиканың басым салаларының бірі өнеркәсіпті дамытуда Nur Otan партиясының бағдарына тоқтап, онда жаңа жұмыс орындарын құруда партияның алға қойған міндеттері мен ірі жобаларын айтып өтсе, Ибраким Басықараев жол сапасын жақсартудағы партияның мақсаты жол және көлік инфрақұрылым сапасын арттыруда 50 шақырым автомобиль жолын салу, 579 шақырым күрделі және орташа жөндеу, 12 көпірді күрделі жөндеудегі ойымен бөлісті.
Nur Otan партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.