826 келі пиротехникалық өнім тәркіленді

826 келі пиротехникалық өнім тәркіленді

Жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттар мен оларды қолданудың белгіленген ережелерін сақтауы бойынша Полиция департаментімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату орындарын анықтау үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі аралықта бірлескен іс-шаралар өткізу жоспары жасалып, бекітілді. Аталған жоспарды іске асыру шеңберінде 40 іс-шара өткізіліп, полиция қызметкерлері 826 келі сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді тәркіледі.

Айтқандай, алматылықтарға пиротехниканы қолдану арқылы жаңажылдық мерекені өткізу ке­­­зінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Ал­маты қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекесінде 10-15 шақты өрт болады (жыл­жымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейін­гі аралықта), ал өрттің жал­пы санының 30 пайызы пиротех­­­никалық бұйымдарды қолдану салдарынан орын алады. Соңғы 5 жылда болған 76 өрттің 16-сы пиротехниканы қол­данудан бол­ған. Шаралар барысында тұр­ғындар арасында пиро­техниканы дұрыс қолдану туралы 2 000-нан астам жадынама, брошюра мен ескертпе таратылды. Полиция қызметкерлері Әкім­­шілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 196-бабының 1-бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырды. (Тауарлармен немесе өзге заттармен заңсыз сау­да жасау. Қазақстан заңна­ма­сында тыйым салынған не­месе шектелген тауарлармен және өзге заттармен сауда жасау 25 ай­лық есептік көрсеткіш бойын­­ша айып­пұл салуға әкеліп со­ғады).

Қ.САПАР