Жәрдемақы: Жаңа жылдан бастап қанша теңгеден төленеді?
Жәрдемақы: Жаңа жылдан бастап қанша теңгеден төленеді?
154
оқылды

2020 жылдан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы көлемі бекітіледі.

Нақтысы, 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріле бастайды.

Оған сәйкес, ай сайын 4 баласы бар отбасы – 42 496 теңге;

5 балалы отбасы – 53 127 теңге;

6 балалы отбасы – 63 757 теңге;

7 және одан да көп баласы бар отбасы 74 388 теңге көлемінде мемлекеттен жәрдемақы алады.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесін бұған дейін де бірнеше рет «Айқын» газетінде жазған болатынбыз.