Әлеуметтік желіде Ұлт-азаттық қозғалыс (ҰАҚ) ұйымы туралы мәлімет тараған-ды. Бұл ұйымның еліміздің аумақтық тұтастығын бұзып, тәуелсіздігін жоюды мақсат ететіні сөз болған. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бәрін теріске шығарды.
Қазнетте ұйымға қатысты түрлі ақпарат шықты. Ұйымның Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында кеңсесі бары, астыртын жұмыс істейтіні жазылды. «Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жалпы, елорда аумағында «ҰАҚ» деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар Қазақстан азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Мұндай фейк ақпарат таратқандардың кім екені жайында нақты ақпарат жоқ. Өйткені оның бастапқы дереккөзі жойылған.А.ЖОЛДАС