Вконтакте рейтинг жариялады

Вконтакте рейтинг жариялады

Әлеуметтік желілердің жыл қорытындысын шығарып жатқаны бар. Мұндай трендтен Вконтакте әлеуметтік желісі де тыс қалмаған. Өйткені желі ТМД елдерінде, соны ішінде Қазақстан мен Ресейде танымал. Олар 2020 жылы жарияланған жазбалар мен пікірлерге талдау жасап, ең көп талқыланған тақырыпты анықтаған. Рейтингті түзуге БАҚ пен медиаға талдау жасайтын Brand Analytics жәрдемдескен.

Биыл жиі талқыланған тақырыптар шеруін «карантин мен оқшаулану» тақырыбы бастайды. Бұл тақырып Вконтакте желісінде 814 мың рет аталған. Одан кейін COVID-19 пандемиясы туралы жазба мен пікір 807 мың рет жазылған. Оқырмандар Free Fire мобильді ойынын 158 мың рет талқылаған. Талқылауға түскен тақырыптың ішінде «Борат» фильмі мен «Қайрат» футбол клубы да бар. Жазылушылар әлеуметтік төлемақы тақырыбын да назардан тыс қалдырмаған. Сондай-ақ Вконтакте биыл рейтингі жоғары 10 тұлғаның тізімін жасаған. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі 130 мың рет жазылып, рейтингте 1-орынға шықты. Одан кейінгі орында 128 мың рет талқылаумен Владимир Путин тұр. Қос президенттен кейін әйгілі спортшы Хабиб Нұрмағамедов 118 мың рет аталған. Әрине, тізімде BTS, Crhbgnjybn. Jah Khalib сияқты атақты әншілер де бар.

А.ЖОЛДАС