Қаланың тарихи келбетін сақтау маңызды
Қаланың тарихи келбетін сақтау маңызды
107
оқылды

Шаһар көркі дегенде алдымен көрікті ғимараттар мен зәулім үйлер еске түседі. Сондықтан болар Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құзырындағыларға мегаполистің тарихи келбетін сақтауға тапсырма берген-ді. Жұмыс  қызу жүріп жатқан сыңайлы. Қалада 69 көппәтерлі үйдің қасбеті жөнделген.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі міндетін атқарушы Архат Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылы 69 көппәтерлі үйдің қасбеті жөндеуден өткен. Келесі жылы ауданда 50 үйдің қасбетін жөндеу жоспарда бар. Ал соның ішінде мәдени ортаны дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Биыл Жазушылар одағының ғимаратын жөндеу, №4 кітапхана мен Чехов атындағы қалалық кітапхананы жаңғырту жұмысы аяқталған. Атап айтқанда, күрделі жөндеу аясында шатыр, желі және ішкі әрлеу толығымен іске асқан.

А.АЙДАРҚЫЗЫ