Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.
zakon.kz-тің жариялауынша, ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне ілінді. 2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеров 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша). Сонымен қатар Күдеров мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.