Израильде 9 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізіледі
Израильде 9 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізіледі
142
оқылды

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шектеу шарасы 27 желтоқсанда күшіне еніп, қаңтардың 9-ына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында мекемелер жабылып, бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұдан бөлек, тұрғындардың өз үйінен алыс кетуіне де тыйым салынады. Бұл – жыл басынан бері Израиль жерінде енгізіліп отырған осымен үшінші карантиндік шара.