Коронавирусқа қарсы иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны белгілі болды
Коронавирусқа қарсы иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны белгілі болды

Австралиялық ғалымдар коронавируспен ауырған науқастардың иммунитетін қанындағы жасуша жады арқылы тексеру әдісін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесі иммунитеттің кем дегенде сегіз ай сақталатынын көрсеткен.

Зерттеу қорытындысының Science Immunology журналында жарық көрген. Сол ақпаратқа сәйкес, Монаш университеті, Бернет институты және Мельбурндегі Альфред ауруханасының ғалымдары сегіз ай бойы коронавирус диагнозы бар 25 еріктінің қанын зерттеген. Әрбір волонтердің иммундық жүйесі аурудың төртінші күнінен 242-күніне дейін қаралған. Оның нәтижесі қандағы SARS-CoV-2-ге бос антиденелердің концентрациясы аурудың алғашқы белгілері басталғаннан 20 күн өткен соң түсе бастайтынын көрсетіпті. Бұл адам аурудың жеңіл түрімен ауырған кезде антиденелер деңгейі тез төмендейтінін көрсетеді. "Біздің нәтиже вакцина жасалғаннан кейін олар ұзақ уақыт бойы қорғауды қамтамасыз етеді деген үміт отын жағады", - дейді зерттеу жетекшісі, иммунолог Менно ван Зельм. Оның сөзінше, пандемияны ауыздықтау алу үшін халықтың 70 пайызы иммунитетті қалыптастыруы керек.