Жаңа жылда босаңсуға болмайды!
Жаңа жылда босаңсуға болмайды!

Биыл Жамбыл облысында қылмыс деңгейі айтарлықтай азайған. 11 айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда, 27,5 пайызға төмендеп отыр. Сондай-ақ негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіштер қалыптасқан. Десе де, биылғы Жаңа жылда босаңсуға болмайды!

СТАТИСТИКА СӨЙЛЕСЕ...

Биыл Жамбылда тонау фактілері 25,9 пайызға, қарақшылық шабуылдар 26,7 пайызға, есірткі заттарының контрабандасы 77,8 пайызға кеміген. Ал жалпы ұрлықтың ашылу көрсеткіші 47 пайызға тұрақтап, оның ішінде қалта ұрлығы 55,1 пайызға, ұялы телефон ұрлығы 47 пайызға және мал ұрлығы 20,7 пайызға азайған. Қоғамдық орын дарда жасалған қылмыс саны 30,2 пайызға, бұрын сотталған адамдармен жасалатын қылмыс саны 26,9 пайызға және мас күйінде жасалған қылмыстар 27,7 пайызға қысқарған. Сонымен қатар мектеп инспекторларының мұғалімдер мен прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, 2 856 профилактикалық рейдтік іс-шара өткізуінің арқасында жасөспірімдер қылмысы мен балаларға қатысты жасалған қылмыстар азайған. Нақтырақ айтсақ, аталған қылмыс түрлері 34 пайызға төмендеп отыр. Соңғы жылдар бедерінде Жамбыл облысы жол-көлік оқиғалары бойынша республика көлемінде көш бастап тұрған. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар да күшейтіліп, апатты жағдайлар 26,9 пайызға азайған. 192 869 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мемлекет кірісіне 874 миллион теңге өндірілген.

КӨЛІКТІ МАС КҮЙІНДЕ БАСҚАРСАҢ, БАРМАҚ ТІСТЕЙСІҢ

Жамбылдық полицейлер жаңа жылдық мерекеде көлік жүргізушілердің тәртібін бақылауды ерекше күшейтіп отыр. Себебі мейрам күндері жолда мас күйінде көлік жүргізіп, оның арты апатты жағдайға әкеліп жататыны белгілі. 11 айдың көрсеткішіне сүйенсек, мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің кесірінен жасалатын жол-көлік оқиғалары 54,4 пайызға, оның ішінде қаза болғандар саны 58,3 пайызға, ал жарақат алғандар саны 59,3 пайызға төмендеген. Алайда бұл босаңсуға еш негіз бола алмайды. Себебі мереке күндері бұл сандар бірнеше есе өсіп кетуі мүмкін. Оған дәлел – 2019 жылдың 12 айы кезеңінде облыс бойынша мас күйінде көлік құралын басқарудың 1 105 дерегі тіркеліп, оның сегіз дерегі 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында бір түнде болған. жаңа жыл – Жаңажылдық мерекелер қар саңында облыс бойынша жүргізушілерге бақылау күшейтіледі. Мас күйінде көлік басқарудың арты қаншама қайғылы оқиғаға апарып жатқанын көз көріп жүр. Сондықтан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Ал мас күйінде көлік басқарған азаматты көретін болсаңыз, «102» телефоны арқылы хабар беруіңізді сұраймыз, – дейді ПД ЖПҚБ жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Болат Ізбасаров.

ОТШАШУДЫ ОЙЛАНБАЙ ҚОЛДАНЫП, ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ

Жамбылдық полицейлер мереке қарсаңында балаларды пиротехникалық бұйымдардан қорғауға шақыруда. Шындығына келгенде, отшашулар, бенгаль от ұшқындары, петарда мен жарылғыш-пакеттер кішкентай балалар түгілі ересектерге де айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, отшашулар шамамен 1 000°С температурада жанатын болса, бенгаль шамдары термиялық күйікке әкелуі ықтимал. Тағы бір ескерерлігі – термиттік қоспаға бекітілген ыстық желі киімді немесе жаңажылдық әшекейлерді тез тұтандырады. Ал петарда немесе жарылғыш-пакет бірнеше минутта көзді де, бетті де, қолды да зақымдай алады. – ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес, елді мекендерде және арнайы бөлінбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ірі материалдық залал келтіруге әкеп соғатын пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе 20 АЕК (55 560 тең ге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Қазақстан заң намасын бұзуға жол бермеу, сон дай-ақ балалар жарақаттануының ықтималды қауіп факторын немесе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында пиротехникалық бұйымдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ересектердің жіті қадағалауымен ғана пайдалануға шақырамыз, – дейді ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов. Міне, осылайша тәртіп сақшылары жаңажылдық мереке күндері барынша сақтық шараларын сақтауға шақыруда. Бұл орынсыз дей алмаймыз. Себебі биыл Нидерландия мемлекеті жаңажылдық отшашулар сатуға тыйым салды. Оған себеп – дәл Жаңа жыл мерекесінде түрлі күйік пен жарақат күйінде ауруханаға түсетіндердің саны еселеп артып кетеді. Ал әлемдік пандемия жағдайында бұл дәрігерлерге қосымша жұмыс. Сондықтан Нидерланды билігі осындай шешім қабылдады. Біздің елде мұндай шектеулер қойылған жоқ. Сондықтан мас күйінде көлік басқару мен отшашуды бейберекет қолдану ауруханаға түсетін азаматтар санын арттыруы мүмкін. Сондықтан өзіміз бен жақындарымыздың амандығы үшін Жаңа жыл мерекесінде барынша сақ болайық, ағайын! Саятхан     Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы