Алмаз Шарман жұқтыру мен өлім-жітімді қалай азайтуға болатынын айтты
Алмаз Шарман жұқтыру мен өлім-жітімді қалай азайтуға болатынын айтты
116
оқылды

25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Қазақстанда, оның ішінде Алматыда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар күшейтілді.

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау үшін болжамды модельдер аурумен күресте қабылданып жатқан шараларға қалай әсер ететінін айтты. Әлемде індеттің дамуын және коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін бағалаудың бірнеше математикалық модельдері қолданылады. Профессор, ол өзі атап өткендей, АҚШ-тың Сиэттлдегі Вашингтон университетінің жанындағы метрика және денсаулық сақтауды бағалау институтының моделін қолданады. Бұл институттың статистикалық болжамдары ашық түрде қолжетімді. «Модель динамикамен ерекшеленеді, яғни болжамдар ағымдағы жағдайға байланысты өзгереді. Ол бірнеше сценарийді қарастырады, мысалы: карантин немесе локдаун түрінде әлеуметтік ұтқырлықты шектеуді енгізу, бетперде кию, аурухана секторының дайындығын қамтамасыз ету. Және болжамдар оларға байланысты. Егер шектеу шараларын ұстанатын болса, онда жұқтыру мен өлім жағдайларын едәуір азайтуға болады. Бірақ ештеңе болмағандай өмір сүруді жалғастырса, онда көрсеткіштер әлдеқайда нашар болып шығуы мүмкін», – деді ол. Профессордың сөзінше, эпидемиологиялық модельдер ауа-райы болжамы сияқты, ықтималдылықтың математикалық есептеулеріне негізделген. Осыған байланысты оларда белгілі бір қателік үлесі бар. Соған қарамастан, болжамдарды зерттеу Денсаулық сақтау жүйесіне ресурстарды ұтымды жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ауруханаға төсек санын жоспарлау және қажетті медициналық қызметкерлерді тарту.

«Мұндай мәліметтер халықтың инфекцияның таралуының алдын алу шараларын ұтымды және үрейге бой алдырмай қолдана отырып, эпидемиялық індетке дайын болуы үшін маңызды. Көптеген жағдайларда эпидемиологиялық болжамдар ауа райы болжамы сияқты принципке құрылады. Бірақ ауа райының қандай болатыны бізге байланысты емес. Сондықтан біз ауа райы болжамын бақылап, соған сәйкес киінеміз. Ауа райынан өзгешелігі, алдағы пандемия толқынының ауқымы көбіне өзімізге байланысты, атап айтқанда, біз әлеуметтік қашықтықты қаншалықты сақтайтынымызға, бетперде киіп, адамдар көп жиналатын, әсіресе, ғимарат ішінде болатын іс-шараларға барудан қаншалықты бас тартатынымызға байланысты», – деді А.Шарман.

Алматыда эпидемиялық жағдайдың тұрақсыздығын ескере отырып, COVID-19 науқастарына арналған 7011 төсек-орны бар 23 стационар, оның ішінде 250 реанимациялық стационар дайындалды. Пандемия кезінде 3 жаңа инфекциялық стационар салынып, екі клиника қайта құрылды.