Елордада кәсіпкерлерге алдағы демалыс және мереке күндері жұмыс істеу алгоритмі түсіндірілді.
Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, елорданың Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн кездесу барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева алдағы жексенбі 27 желтоқсан мен 2021 жылғы 3 қаңтар мереке күндеріне жатпайтынын, сәйкесінше осы күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің және сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын түсіндірді.Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш елорда «сары» аймақта орналасқандығын ескере отырып, кәсіпкерлерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың сақталуы туралы қаланың кәсіпкерлерімен апта сайын кездесулер ұйымдастырады.Елорданың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, аталған нысандардың қызметіне жұмыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілген. 25 желтоқсаннан бастап қызметін қайта бастайтын, сыйымдылығы жалпы орындар санының 30%-ынан аспауы тиіс кинотеатрлардың жұмысына қатысты келер болсақ, 24:00-ге дейін рұқсат етілген. Бірақ СОСО-да орналасқан кинотеатрларға жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.