24.kz-тің жазуынша, Шымкентте әйел адам өз-өзін өртеп жіберді.
Оқиға 3 желтоқсанда Тассай ықшамауданында болған. Әйелдің денесінің 80 пайызы күйіп қалған. Ол ауруханаға жеткізілген. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1988 жылғы әйел үстіне жағармай (болжаммен, бензин) құйып, Тассай ықшамауданындағы Юсуф Сареми көшесінің бойындағы ашық алаңда өзін өртеп жіберген. Ол гиперболиялық оксигенация орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тым ауыр.
Нақтыланбаған мәлімет бойынша, өзін өзі өртеуге жігітімен айырылысуы себеп болған.
Тергеу жалғасып жатыр.