Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам Киев маңындағы Софиевская Борщаговка елді мекеніндегі тұрғын үй жанындағы тұрақта тұрған ондаған көлікті күл-талқандады. Бұл жайында korrespondent.net. хабарлады.
Киев полициясыны ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам мұндай әрекетке әйелімен жанжалдасып қалған соң барған екен. Тәртіп бұзушының кім екені бақылау камераларының көмегімен анықталыпты. "Күзет қызметкерлері арнайы құралдарды қолдана отырып, бұзақыны қуып жетті. Тек өз өкілеттіктері мен қолданыстағы заңнама аясында әрекет етіп, полиция келгенге дейін күдіктіні ұстады. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр", – деді күзет өкілдері.