Бала қылмыскер болып тумайды (видео)
Бала қылмыскер болып тумайды (видео)
5,122
оқылды

Түрлі зорлық-зомбылықты көзбен көрген бала кейін қалыпты өмір сүре ала ма? Сіз бұған не дейсіз?

Бұл сұраққа «Бала қыл­мыс­­кер болып тумайды. Оны қыл­мыскер қылатын – орта. Нақ­ты­рақ айтқанда, отбасы қай жер­де өмір сүреді, бала сол ортадан үйренеді. Егер ол қатыгездіктің ортасында болса, аман қалу үшін өз тірлігін істейді. Міне, осы нәр­се де баланы қылмысқа ите­руі мүмкін» дейді кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын әлеуметтік- психологиялық «Шанс» орталығының жетекшісі.  

https://youtu.be/TkuUMbhSU3s

 – Мысалы, үшінші біреуді алайық. Ол жақсы маман, білімді азамат, табысы да жеткі­лік­ті. Келіншегі де тәрбиелі, екі баласына қарап отыр. Ерлі-зайып­ты ретінде қарым-қатына­сы да жақсы. Үй ішінде ешкім іш­пейді, шекпейді. Бірақ оның баласы ертең қылмыс жасамайты­ны­на сенімдісіз бе? Ол белгісіз. Оны біз білмейміз. Ешкім одан сақтандырылмаған. Сол секілді баланың қашан діни ағымға кіріп кететінін де білмейміз, – деді ол.

Бұл мәселе жайында толығымен "Айқын" газетінің "Баланы қылмыскер қылатын - орта" атты материалдан таныса аласыздар.