Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты
Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты
100
оқылды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерініңкоронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.