Қаржы мол – қарпитын сол
Қаржы мол – қарпитын сол
242
оқылды
Карикатура деген не? Мағынасы қандай? Түбірі қайдан шыққан? Бұл итальян сөзі. Екі езуге күлкі үйіре отырып қағазға бейнелейтін қалжың сурет. Оны оқи алмайсың, көресің. Көріп отырып шектен шыққандарды шенегінін білесің. Білесің де күлесің. Түбін қазбай-ақ түйіп айтсақ, сайқы­мазақ суретті карикатура дейді. Ен­деше, сайқымазақ сурет те сатираның бір түрі. «Медиа орда» қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қорының қол­дауымен «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық кари­кату­ра­шылар байқауын жариялаған бола­тын. Мақсаты не? Қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Әйтсе де өте өзекті әлеуметтік проблемалар шешімін табар емес: бюджетті игеру, жоспарлау және т.б. жайттар реттелмей отыр. Жемқорлық өз алдына. Еліміздегі кәсіби және әуесқой карикатурашылар осы тақырып аясындағы, республика көлеміндегі немесе өңірлердегі ма­ңыз­ды мәселелерді карикатура тілі­мен сөйлету. «Медиа орда» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Беков: «Байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз – еліміздегі карикатура жанрының жандануына тиіттей де болсын өз үлесімізді қосу болды. Карикатура – бағзыдан бері әлеуметтің өзекті мәселелерін көтере білетін, оны қалың көпшілікке көрсете алатын бірден бір құрал. Бұл жанрдың халықаралық деңгейде өзіндік орны бар. Өкінішке қарай, осы жобаны жүзеге асыру барысында елімізде кәсіби карикатурашылардың көп емес екенін байқалдық. Десек те, бұл жанрдың түп-тамырымен жоғалып кетпеуіне септігін тигізіп жүрген кәсіби суретшілер бар. Сол  «қыр­шаңқы» қылқалам шеберлеріне қол­дау көрсету мақсатында осындай бай­қау ұйымдастырдық», – дейді. Байқауға 28 cуретшінің 113 өнер туындысы қазылар алқасының баға­лауына жолданды. Жалпы жүлде қоры 1 миллион 350 мың теңге.

«Бюджет мол – мәселе сол» атты байқаудың қорытындысы шықты. Жеңімпаздары:

  І орын (300 000 теңге) – «Құрақ көрпе» жұмысы, авторы – Қайрат Жәйірбек (Нұр-Cұлтан); ІІ орын (200 000 теңге) – «ЛРТ-стоунхендж» жұмысы, авторы – Талғат Жеңісұлы (Талдықорған); ІІІ орын (100 000 теңге) – «Бюджетті басқару» жұмысы, авторы – Мұрат Ділманов (Алматы) ІІІ орын (100 000 теңге) – «Ақбұлақ 2011-2020» жұмысы, авторы – Павел Уколов (Семей); ІІІ орын (100 000 теңге) – «ЛРТ: көзден бұлбұл ұшты» жұмысы, авторы – Әділ Закенов (Алматы).   қаржы қаржы қаржы қаржы қаржы қаржы қаржы қаржы қаржы «Сорос-Қазақстан» қорының «Ашықтық және есептілік» бағдар­ламасы азаматтық қоғамның қалып­тасуына, ондағы мемлекеттік бюджет мәселесінің ашық әрі есепті болуына зор маңыз береді. Осы тақырыпты қалың бұқараға кеңінен түсіндіруге, насихаттауға һәм онымен байланысты өзекті проблемаларды көтеруге мүдделі жобаларды үнемі қолдаймыз. Біздің серіктесіміз – «Медиа орда» қоғамдық қоры осы есеп-қисапқа толы әрі қаржы-қаражат төңірегіндегі проблемаларды шығармашылық тілмен сөйлетіп көру туралы тың идея ұсынған болатын, біз қолдадық», – деді «Сорос-Қазақстан» қорының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаев. Ұйымдастырушылар осы байқау аясында «Қылқалам ұшындағы шына­йы қоғам» атты еркін тақырыпқа жұ­мыс­тар қабылданды. Бұл тақырып бо­йынша кәсіби карикатурист Берік Шадығалидің (Орал қаласы) жұмыс­тары үздік деп танылды. Ол 100 000 теңге сыйақыға ие болды. Бұдан бөлек, карикатурашыларға ынталандыру сертификаттары бе­рілді: 7 жұмыс – 50 000 теңгелік, 5 жұ­мыс – 20 000 теңгелік сыйлық алды. Бұл байқауға жиналған үздік сурет­тер көрерменсіз қалмайды. Ұйым­дастырушылар «Бюджет мол – мәселе сол» атты альбом-жинақ шығаруды, сондай-ақ, конкурсқа келген өнер туындыларын онлайн кеңістікте кеңі­нен тарату мақсатында лонгрид фор­матында деректі-мақала ұсынуды жос­пар­лап отыр. Сондай-ақ, Aiqyn рес­публикалық қоғамдық-саяси газетінің «Ара» сатиралық қосым­шасы­мен се­рік­тесіп, аталмыш ба­сылым­ға үздік су­рет сериясы жария­ланбақ. Сонымен, қаржы мол – қарпитын сол. Олар кімдер? Білгіңіз келе ме? Карикатураға көз салыңыз.