COVID-19: Австрияда үшінші рет локдаун жарияланды
COVID-19: Австрияда үшінші рет локдаун жарияланды

Австрияда коронавирус індетіне байланысты үшінші рет локдаун тәртібі жарияланды.

Жергілкті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның мерзімі қаңтардың жиырма төртіне дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында тұрғындарға көшеде бейсауат жүруге болмайды. Тек жұмыс орны, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға рұқсат. Оның өзінде маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Бүкіл ел аумағында шаштараздар мен дәмханалар жабылады.