Алтынмен қойған нүкте
Алтынмен қойған нүкте
203
оқылды

Лионель Месси 2019 жылға алтынмен нүкте қойды. Осылайша, футбол тарихында алты алтынды арқалаған алғашқы ойыншы атанды. Сондай-ақ Мессиде алты алтын бутсы бар.

Көпшілігі Роналду мен Мессидің бәсекесін Porsche мен Ferrari-ге теңейді. Мұны португал футболшысы да сан рет айтты. Сонымен, мәреге Ferrari-дің бірінші келгені ме? Әлде Porsche араға жыл салып қайта орала ма? Нәтиже кейінірек белгілі болады. Қазірше, аргентиналық Лионельдің «Алтын доптарын» түгендейік.

2006 жылы Мессидің «Алтын доп» бәсекесіндегі тұсауы кесілді. Қорытынды бойынша 20-орын алды. 2007 жылы салтанатты тізімнің 3-сатысына көтерілді. 2008 жылы «Роналду мен Месси» дәуірінің қазығын қақты. «Барселонаның» ондығы сол жылы бәсекені 2-орынмен аяқтады.

2009 жыл – жол басы

Лионель Мессиге алғашқы алтын доп 2009 жылы бұйырды. Дауыс бергендер тарапынан 473 ұпай жинады.

«22 жасымда алғашқы алтын допты алу үшін Парижге келдім. Жанымда бауырларым болды. Ерекше сәт. Дәл қазіргідей. Арада 10 жыл өтті. Өмірімде түрлі өзгеріс орын алды. Әйелім, екі балам, бауырым мен жиенім қуанышымды бөлісуге келді».

2010 жыл – алтын дубль

Хави, Иньеста, Месси үштігі бақ сынаған бәсекеде аргентиналық сұрмерген топ жарды. Бұл – «Барселонаның» Еуропаны жеке дара билеген жылы.

2010.jpg

«Жұбайым айтқандай, мен ешқашан арманымнан бас тартпадым. Күн сайын алға жылудан, өзімді шыңдаудан, футболдан ләззат алудан шаршамадым. 

2010-1.jpg


2011 жыл – алтын хет-трик

2011 жылы Месси алтын допты үш рет алған үздіктердің қатарына қосылды. Йохан Кройф, Марко ван Бастен және Мишель Платинимен қатар «Алтын доп» тарихына кірді. 

2011.jpg


2012 жыл – төртеу түгел болса

Бұл – Мессидің әлем футболына үстемдік еткен жылы. Қатарынан төрт мәрте «Алтын доп» алған алғашқы футболшы атанған шақ. 

2015 жыл – Жүлде жауған жыл

3 жылдық үзілістен соң Месси жүлде жарысына қайта оралды. Қалай дейсіздер ме? Треблмен. «Барселонамен» Ла Лиганы, Король кубогын, Чемпиондар лигасын ұтқан ол «Алтын допты» еншіледі.

2015.jpg

2019 жыл – 6OAT

 2018/19 жылғы Чемпиондар лигасын ұтпаса да, Месси алтынын алды. Себебі статистика мен көрсеткіш аргентиналықтың жағына шықты. Лионель әлемнің үздік футболшысы екенін тағы бір рет дәлелдеді.

2019-1.jpg

Парижде өткен марапаттау рәсімінде ойыншы футбол мен уақыттың адамның ырқына бағынбайтынын атап өтті.

«Шамамды білемін. Мұндай сәт есте қалады әрі ерекше әсер сыйлайды. Футболдан кететін шақтың жақындап қалғанын сеземін. Мойындау ауыр, әрине. Бірақ әлі де бірнеше жыл доп тебемін. Уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп жатыр. Сонда да футболдан, отбасы бақытынан, қарсыластарым мен өмірден ләззат алуды жалғастырамын».

20191203-messi-post.jpg

Роналду 2017 жылы ФИФА ұйымдастырған кезекті кеште Месси екеуінің футболдағы дәуірі жайында сөз қозғайды. 

рон.jpg

Сонда португал ойыншысы «бәрі енді ғана басталды» деген еді. Демек,  келесі айналымда Porsche-ден "кілт бұрылыс" күтеміз.

messi.jpg