Әкімнің орынбасары «Ақжайық» ФК шығынына наразылық білдірді
Әкімнің орынбасары «Ақжайық» ФК шығынына наразылық білдірді
150
оқылды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев «Ақжайық» футбол клубының шығындарын оңтайландыруды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы спортқа жауапты шенеунік өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол 2019 жылдың тоғыз айында «Ақжайық» ФК әкімшілік қызметкерлерінің шығындары 75 миллион теңгені құрағанын айтты.

Әкімнің орынбасары сонымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына 74 миллион теңге бөлінетінін де атап өтті.

«Сонымен қатар, қызметтер бәсекелестік негізінде сатып алынбайды. Су, шай және шыныаяқтар 840 еуроға сатылады. Бұл қалай? Клуб басшылығына бұл шығындарды оңтайландырып, жастар футболын қаржыландыру үлесін арттыру тапсырылды», - деді Аманжол Алпысбаев.

Бұл жазбаға БҚО мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар да үн қосты. Ол Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан бас тартып, оны Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өткізуді ұсынды. «Бұл 3-4 есе арзан», – деді ол.