"Ақ жол" демократиялық партиясының өкілдері Түркістан облысына барды
"Ақ жол" демократиялық партиясының өкілдері Түркістан облысына барды
"Ақ жол" демократиялық партиясының республикалық штаб мүшелері Түркістан облысына барды. Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт-насихат тобы Түркістан облысындағы “Комбинат Фараб” зауытының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партия төрағасы Азат Перуашов Біз өзі табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерді қолдауымыз керек деді. «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында да кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылғаны айтылған.
 “Пандемия кезінде кәсіпорындарда жұмыс істеген  мыңдаған адам жалақысыз қалды. Біз мұндай жағдайға жеткізбес үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Кәсіпорын көп болса, жұмыс орны көп болады. Жұмыс көп болса, әрбір отбасының күн көрісі жақсарады. Біздің бағдарлама кәсіпкерлікті және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды мақсат етеді”, – деді Перуашев.
Сондай-ақ зауыт жұмысшыларына партияның сайлауалды бағдарламасының басқа да бағыттары түсіндірілді. Түркістандық сайлаушылардың мәселелері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Түркістан облысындағы үгіт-насихат тобының сапары жалғасуда.