Димаштың Нью-Йорктегі концертіне 51 елден көрермен жиналады
Димаштың Нью-Йорктегі концертіне 51 елден көрермен жиналады

10 желтоқсанда Димаштың Нью-Йоркте өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев хабарлады.

«Димаштың америкалық фанклубының ақпараты бойынша Нью Йорктағы «Арнау» концертіне 51 елдің азаматтары келмек екен», – деп жазды Қанат Айтбаев facebook парақшасында.

Еске салайық, концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

«Arnau tour ENVOY» – маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көреді. Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.

Нью-Йорктегі концерттің билеттері бір жарым айда сатылып кеткен.