УЕФА рейтингі: Ең үздік қазақстандық клуб белгілі болды
УЕФА рейтингі: Ең үздік қазақстандық клуб белгілі болды
118
оқылды
УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасындағы еуропалық клубтардың тарихи рейтингін ұсынды,– деп  хабарлайды  Sports.kz.

Қазақстандық клубтар арасында бірінші орында елордалық «Астана» тұр. УЕФА рейтингіндегі орны – 107. Сондай-ақ алғашқы 200 клубтың қатарына «Ақтөбе» енді, тізімдегі орны – 145. Қарағандылық «Шахтер» - 230, Алматының «Қайраты» - 371, Павлодардың «Ертісі» - 422, Қостанайдың «Тобылы» 432-інші позицияға орналастырылды.

  • Рейтингіге барлығы 526 клуб енген. ЕЧК/ЧЛ тарихындағы ең үздік 10 клуб:
  • 1. «Реал»;
  • 2. «Бавария»;
  • 3. «Барселона»;
  • 4. «МЮ»;
  • 5. «Ювентус»;
  • 6. «Милан»;
  • 7. «Ливерпул»;
  • 8. «Бенфика»;
  • 9. «Порту»;
  • 10. «Аякс».