ТЖК алты аймақта ескерту жариялады
ТЖК алты аймақта ескерту жариялады
145
оқылды

Қазақстанның алты аймағында ескерту жарияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті хабарлап отыр.

5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының көп бөлігінде қар жауады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерін қалт жібермей, метерологиялық ескертулер мен смс-хабарламаларға назар салып отыру керектігін ескертеді.

Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, алыс сапарларды кейінге қалдыра тұрған жөн.

«Төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» бірыңғай қызмет көрсету нөміріне хабарласыңыз», – деп мәлім етті комитеттен