Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«Айнала толған мастар». Нұр-Сұлтан тұрғыны Тұрғымбаевқа шағым айтты

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Желтоқсан 4, 2019
978
қаралым

Нұр-Сұлтан тұрғыны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Кирпичный тұрғын алабындағы қолайсыз жағдайға қатысты шағымданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Nur Otan партиясының республикалық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тұрғындарды қабылдап, мәселелерін тыңдады. Елорданың Кирпичный тұрғын алабының тұрғыны полиция бөлімшесін ашуды өтінді.

«Біз сіздің атыңызға қазан айында арнайы үндеу жібердік. Орталық базар, Шанхай базары, Кирпичный жақта адамдар мас күйінде көшеде жатады. «102» қызметі жеткенше, олар кетіп қалады. Базар маңы болғандықтан адамдар көп жүреді. Сондықтан, біз тұратын жерден арнайы полиция пунктін ашуыңызды сұраймыз», – деді тұрғын.

«Егер ондай арнайы пункт ашу керек болса маған емес, әкімдікке хабарласуларыңыз керек», – деп жауап берді министр.

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, елордада полиция пунктері жетіспейді.

«Бізде 18 полиция бөлімшесі жетіспейді. Іс жүзінде, қалада қоғамдық қауіпсіздікке қатысты қажеттілік жоғары. Біз полицейлер тәулік бойы ішінде тұратын шыны пунктерді де орнаттық. Дегенмен, арнайы полиция пунктері ашылса бізге де жақсы болар еді», – деді министр.

Ішкі істер министрінің сөзіне қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов полиция бөлімшелеріне шұғыл қажеттілікті кезең-кезеңімен шешуге уәде берген.

Тегтер: КирпичныймасНұр-СұлтанполицияТұрғымбаев
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Демалыс күндері елімізде 2 градус үсік жүреді

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда

«Жеңісті күндерде жүздескенше» – Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Экология министрі Президентке жаңа Су кодексі туралы айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»