Еліміздің әрбір азаматына 20 сотық жер бөлінуі керек – Қазақстан Халық партиясы
Еліміздің әрбір азаматына 20 сотық жер бөлінуі керек – Қазақстан Халық партиясы
5,153
оқылды
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ҚХП Қызылорда облыстық сайлауалды штабы автошеру ұйымдастырды. Қазақстан Халық партиясының туы ілінген автокөліктер Қызылорда мен жақын маңдағы округтердің көшелерімен жүріп өтті.
Автошерудің мақсаты – ҚХП-ның сайлауалды тұғырнамасын насихаттау. Партияның символикасы бар, желбіреген қызыл жалаулар тұрғындардың назарын аударды. «Халық, жер, әділеттілік!» – партияның сайлаудағы ұраны. ҚХП сайлауалды бағдарламасы әрбір адамның мүддесі қорғалатын әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған. – Біз тегін және сапалы білім мен медицинаны қолдаймыз! Еліміздің әрбір азаматына 20 сотық жер бөлінуі керек! Әрбір қазақстандыққа мемлекет тұрғын үй беруге міндетті! Біз зейнетақы жасын төмендетуді жақтаймыз! Бұл – біздің партияның негізгі бағдарламалық міндеттері, – деді партия өкілдері.