Коронавирустың желдеткіш арқылы жұғатыны анықталды
Коронавирустың желдеткіш арқылы жұғатыны анықталды
117
оқылды

Бұл жайында Sputnik Қазақстан хабарлады. Ғалымдар жүргізген зерттеу барысында бір үйдің әртүрлі қабатында тұратын адамдар ешбір байланыссыз-ақ COVID-19 жұқтырғанын анықтаған.

Олардың айтуынша, тұрғын үйдің алтыншы қабатында тұратын әйелден, содан кейін оның отбасынан коронавирус табылған екен. Көп уақыт өтпей вирусты төртінші, оныншы және 11-қабат тұрғындары жұқтырыпты. Бір қызығы індет жұқтырғандардың барлығы ешқашан бір-бірімен байланыста болмаған. Ал пәтерден тыс жерде үнемі бетперде тағып, қорғанып жүрген. Тіпті олардың арасында екі адам тұрғын үйде ешқашан лифт қолданбаған көрінеді. Солай бола тұра, індет жұқтырған. Осыдан кейін ғалымдар барлық пәтердегі  желдеткіш адамдардың инфекция жұқтыруының себебі болды деген қорытындыға келді. Вирус жуынатын бөлмедегі желдеткіш арқылы берілуі мүмкін дейді олар.