Экс-депутат сотта абыройы мен ар-ожданын қорғап, жеңіп шықты
Экс-депутат сотта абыройы мен ар-ожданын қорғап, жеңіп шықты
Алматы мәслихатының экс-депутаты Вячеслав Банщиков бәсекелестік құрбаны болды. Ауыз су құю жөніндегі компаниялар экс-депутатқа негізсіз айып тағып, оған ешқандай қатысы жоқ Samal суын нарықтан жойғысы келген. 2020 жылдың 3 шілдесінде Вячеслав Банщиков Дос Ильяшевпен болған сотта жеңіске жетті. Екіншісі шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқан. Ал оның компаниясының баспасөз қызметі экс-депутат көпшілік алдында ақпаратты теріске шығаруға қанағаттанғанын айтты.
Алматылық Дос Ильяшевтің блогерлік зерттеуі және оның 2020 жылғы 2 наурызда сағат 9:22-де Facebook әлеуметтік желісінде мемлекеттік бюджет фактілерін анықтау жөніндегі айдарында жарияланған мәліметтері сот тарапынан шындыққа сәйкес келмейді деп танылды.
Бірінші және екінші сатыдағы соттар тараптардың дәлелдерін тыңдап, оларға тиісті әділ баға берді. Бір жылға жуық сот ісінде сотталушы тарап өз дәлелдерін ұсынды. Процесс барысында Дос Ильяшев су құю нарығында ойыншы екенін жария түрде мойындады.
Банщиковтың мүддесін қорғайтын заңгер Вячеслав Сташковтың соттағы дәлелдері Дос Ильяшевтікінен гөрі сенімдірек еді. Сот органы бұл жолы да әділ шешім шығарды. Дос Ильяшев бұрынғы депутаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді және оның ақпараты жалған екені әшкереленді. Экс-депутатқа моральдық шығын ретінде берілген сома қайырымдылық ретінде Алматыдағы балалар үйіне аударылды.