Бұл туралы Қазақстан биатлоншылар одағы хабарлады.
- Короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдыртпау, сондай-ақ жаңа жылдан кейін шетелге шығуға тыйым салу мүмкіндігін болдырмау үшін ҚР биатлоншылар ұйымының басшылығы Қазақстан құрамасын Еуропада қалдыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар спортшыларға ұлттық виза беріліп Еуропада шексіз қалуға мүмкіншіліктері пайда болғаны туралы хабарлады. Бұл Словениядағы биатлон федерациясы мен Поклюка қаласындағы биатлон базасымен орынды келіссөздердің жүргізілуі арқасындағы іске асқан ісшара болып табылып отыр. Құрама 20 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізе алып, ол жерден тікелей Германиядағы Әлем Кубогінің келесі кезеңіне кедергісіз жете алады. Осылайша, біздің Құрама алдағы ақпан айында словениялық Поклюка қаласында өтетін Әлем Чемпионатына толыққанды дайындықтарын өткізе алады, - делінген ресми хабарламада.