Семейде кәсіпкерлерге 28 миллион теңге айыппұл салынды
Семейде кәсіпкерлерге 28 миллион теңге айыппұл салынды

Семейде карантин талаптарын сақтау жөніндегі мониторнигтік топтар жұмысын жалғастыруда.

«Алтайньюс» агенттігі хабарлауынша, 1 қазан мен 24 желтоқсан аралығында мониторингтік топтар 5 мыңға жуық нысанды тексеріп шықты. 235 заңбұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 28 048 908 теңге болатын 154 хаттама толтырылған. Олардың ішіндегі 11 айыппұл – мезгілсіз уақытта жұмыс істеген, сондай-ақ бұқаралық шаралар (үйлену тойы, құдалық және т.б.) өткізген жеке кәсіпкерлерге, сауда үйлері мен мейрамханалардың иелеріне салынған. Қалалық ТКҚСҚБ басқармасы кәсіпкерлік субъектілеріне карантин шаралар кезеңінде қызметкерлердің дене қызуын күнделікті тексеру; әлеуметтік қашықтық пен маска тағу режимін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын (маска, қолғап) уақытында ауыстырып тұру, зарарсыздандыру құралдарының қорын сақтау, ғимаратты желдетіп отыру сияқты қауіпсіздік талаптарын сақтау керек екенін ескертеді.