Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамына байланысты Жапония үкіметі шекараларын жабатын болды.
Жаңа ереже ертеңгі күннен бастап күшіне еніп, бір айға жалғасады. Сондай-ақ,виза беру де уақытша тоқтатылады. Ал Жапония азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер елге оралғанда, екі апта бойы карантин тәртібін сақтауы тиіс. Дегенмен Жапония келісімшарттары бар өзге елдердің кәсіпкерлерін қабылдай береді.