Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды
Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды
242
оқылды
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова күні кеше некесін қидырған болатын. Енді екі жастың тойында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге жарияланды. Үйлену тойы карантин талаптарына сай өткені байқалады. Видеода шаңырақ көтерген жастар тортты бірге кесіп жатыр.
Қазақстандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, оқырмандарымен қуанышты сәтін бөлісті. Жас жұбайлардың некесін танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қиған болатын. Ал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға бақыт тілеп, оның жақсы жар, ана болатынына сенім білдірді.