COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 27 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды жария етті.
Атап айтқанда: «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы кірді. Өзге өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Бүгінде еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 151 727 адамға жетті.