Жақсылық Досқалиев: Коронавирус – үш инфекцияның қосындысы
Жақсылық Досқалиев: Коронавирус – үш инфекцияның қосындысы
124
оқылды

ҚазАқпараттың хабарлауынша, коронавирус бүйрек, бауыр және жүректің жұмысын бұзады екен.

Дегенмен аталған органдар індет жұқтырып емделіп шыққанан кейін бірнеше жылдан соң сыр беруі мүмкін. Себебі бүйрек пен бауыр дерті ұзақмерзімді аурулар қатарына жатады. Мәселен, бүйрек ауруы басталғаннан оның трансплантациясына дейін 3 жыл уақыт өтеді. Бұл аралықта науқас «Жасанды бүйрек» деп аталатын арнайы аппарат көмегі арқылы амалдайды. Ал бауыр дерті 3-4 жылға созылуы мүмкін және оны көп адам байқай бермейді., деп хабарлайды  тілшісі. «Коронавирус – 3 бірдей инфекцияның қосындысы. Біріншіден, вирус қанды ұйытады. Әсіресе, жіңішке, капилляр тамырлардағы қан ұйып, тромбоз (қан айналымының баяулауы) пайда болады. Адам малярия ауруына шалдыққанда оның денсаулығында дәл осындай симптомдар байқалады. Екіншіден, бұл АИТВ (адамның иммунтапшылығы вирусы) ауруы сияқты адамның иммундық жүйесін бұзады. Індет ағзадағы инфекцияға қарсы тұратын Т және Б лимфоциттерді жойып жібереді. Үшіншіден, тұмау сияқты адамның тыныс жолдарын, өкпесін зақымдайды. Ал өкпе – ашық орган және ол сыртқы ауамен тікелей байланысты. Сондықтан коронавирустың ең алғашқы зиян келтіретін нысанасы – өкпе. Кейін бауыр, бүйрек, жүректің жұмысын нашарлатады. Өкпе істен шыққаннан соң, адам ағзасында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Ал оттегіне өте тәуелді орган – адамның миы. Организмде 15 минут оттегі болмаса, ми қайта тірілмейді», - деді Жақсылық Ақмырзаұлы.