Ақмола облысында еріктілер бес күн бұрын жоғалған адамның мәйітін тапты. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 желтоқсанда Жарқайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1994 жылы туған жары Артем Ветровты табуға көмек сұраған. Бір күн бұрын ол Жарқайың ауданы Костычево ауылындағы досының үйінде болған, кейін таңғы сағат 7 шамасында үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Полиция жедел іздестіру топтарын құрып, операцияға аудандық полиция бөлімінің жеке құраммен бірге қ Жарқайың мен Есіл аудандарының волонтерлері, жоғалып кеткен азаматтың туыстары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Іздестіру іс-шаралары 5 шақырым радиуста, Костычево ауылының айналасында жүргізілді. Коко өзенінің жағасы тексерілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жақын маңда орналасқан Донское ауылының тұрғындарына да барды. "26 желтоқсанда, кешкі сағат алты шамасында Державинск қаласында тұратын волонтерлер Сұлтанов Сағынтай мен Вольф Александр жоғалған Артём Ветровтың мәйітін Костичево ауылынан батысқа қарай 6 шақырым қашықтықта тапты", - дейді полициядағылар.