Леброн Джеймс жылдың үздік спортшысы атанды
Леброн Джеймс жылдың үздік спортшысы атанды
5,133
оқылды

Америкалық баскетболшы Леброн Джеймс Associated Press агенттігінің тұжырымы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды.

Дауыс беру кезінде ол Канзас Ситидің қорғаушысы Патрик Махомес пен Формула-1 спортынан әлем чемпионы Льюис Хэмилтонды басып озды. "Мен адамдарды баскетбол ойнауға қызықтырғым келеді. Бірақ сонымен бірге адамдарды әділетсіздікке қарсы күресте бір болғанын қалаймын. Енді мен паркеттен тыс жерде де көбірек ықпал ете аламы", – деді Джеймс. 35 жастағы Джеймс осымен төртінші рет жылдың үздік спортшысы атанып отыр. Ол бұған дейін 2013, 2016 және 2018 жылдары жеңіске жеткен.