Қарағанды облысы Экология департаментінің баспасөз қызметі «Алматы-Екатеринбург» автожолында күкірт қышқылының төгілуіне қатысты түсініктеме берді. Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 26 желтоқсан сағат 6:00 шамасында Қошқарбай ауылынан 2 шақырым жердегі «Алматы-Екатеринбург» автожолында «MAZ» маркалы жүк көлігі аударылғанын хабарлады. Осы хабарлама бойынша Экология департаментінің мамандары топырақ сынамаларын алу үшін оқиға орнына барды. «MAZ» маркалы жүк автокөлігі аударылып кеткені анықталды, салдарынан ашық жерге күкірт қышқылы төгілген. Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы мөлшері шамамен 20 тонна. 8 тонна күкірт қышқылы төгілді. Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыс «SaryArka Copper Processing» ЖШС күшімен жүзеге асырылып жатыр. Топырақ сынамаларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, – делінген хабарламада.