Оралда жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 9 адам ауруханаға жеткізілді - видео

Оралда жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 9 адам ауруханаға жеткізілді - видео

Оралда тоғыз қабатты жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 9 адам ауруханаға жеткізілді,– деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің мәлім еткеніндей, оқиға 27 желтоқсан күні шамамен сағат 17.18-де Құрманғазы көшесі 165-мекенжайында болды. «Тілсіз жау» 17.47-де оқшауланып, 18.26-да ауыздықталды. Өрт орнынан үш адам құтқарылды. Оның екеуі құтқару арқанымен, біреуі сатымен түсірілді. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның 18-і – балалар. https://youtu.be/p1sV1zyRpT0 Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы (31 адам, 10 техника) жұмылдырылды. Полиция департаментінен 15 қызметкер, 5 техника жетті. Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы (31 адам, 10 техника) жұмылдырылды. Полиция департаментінен 15 қызметкер, 5 техника жетті.